457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барселона» жаңа маусымды 5:0 есебімен жеңіспен бастады

Кездесуде бразилиялық шабуылшы Рафинья дубль жасады. Ол 15-минутта пенальтиден есеп ашса, 67-минутта тағы бір гол соқты.

«Барселона» Испания чемпионатының 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы ойынында «Эльчені» ірі есеппен жеңді деп хабарлайды malimsports.kz. 

«Мануэль Мартинес Валеро» стадионында өткен кездесуде каталондық клуб қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата ұтты. «Барселона» қақпасына гол жібермей, матчты құрғақ жеңіспен аяқтады.

Кездесуде бразилиялық шабуылшы Рафинья дубль жасады. Ол 15-минутта пенальтиден есеп ашса, 67-минутта тағы бір гол соқты.

Бірінші таймның соңында, 45+3-минутта, неміс вингері Карим Адейеми есепті 2:0-ге жеткізді.

Ал екінші таймда испаниялық жартылай қорғаушы Фермин Лопес 71 және 79-минуттарда екі рет мергендік танытып, команданың ірі жеңісін түйіндеді.

Айта кетейік, бұл «Барселонаның» жаңа маусымдағы алғашқы матчы болды. Ал Ла Лигадағы кейбір командалар, соның ішінде «Эльче», бұған дейін екі ойын өткізіп үлгерген.

Осы жеңістен кейін «Барселона» 3 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Каталондық клубтан жоғары тұрған командалардың барлығы екі матчтан өткізіп қойған.

Ал «Эльче» бір ұпаймен 15-орында қалды.

Фото: Getty Images

Ең көп оқылған