457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барселона» қысқы трансферде орталық қорғаушы алатын болды

Мика Мармоль – «Барселонаның» өз түлегі

Испанияның «Барселона» клубы қысқы трансферлік кезеңде орталық қорғаушы іздеу жұмыстарын күшейтті.

Каталондық ұжымның бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің назары күтпеген ойыншыға Мика Мармольге түскені белгілі болды.

Мика Мармоль – «Барселонаның» өз түлегі. Ол Хави Эрнандес баптаған кезеңде негізгі құрамда дебют жасап, «Барселона B» командасының көшбасшыларының бірі болған. Кейін футболшы «Андорра» клубына ауысып, сәтті маусым өткізді. Қазіргі таңда ол «Лас-Пальмас» сапында өнер көрсетіп, команданың ең сенімді қорғаушыларының біріне айналды.

Мармольдің басты артықшылығы – әмбебаптығы. Ол орталық қорғаушы ғана емес, сол қапталдағы қорғаушы позициясында да ойнай алады. Бұл қасиеті оны Флик үшін аса құнды ойыншыға айналдырып отыр. Атап айтқанда, ол жарақат алып, ұзақ уақыт алаңға шыға алмай жүрген Андреас Кристенсенді алмастыра алады. Сондай-ақ Алехандро Бальде үшін балама нұсқа болуы мүмкін.

Каталондық клуб трансфердің қаржылық жағынан да тиімді боларына сенімді. БАҚ мәліметінше, «Барселона» Мармольді шамамен 6 миллион еуроға сатып ала алады. Қаржылық қиындықты бастан кешіп жатқан клуб үшін бұл – қолайлы баға.

Ең қызығы, Мика Мармольдің өзі де «Барселонаға» қайта оралуға ниетті. Ойыншы басқа шетелдік клубтардың қызығушылығына қарамастан, туған клубында ойнауды басты мақсат санап отыр.

Айта кетейік, осы маусымда Мармоль «Лас-Пальмас» сапында 14 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Фото: ©Depositphotos/Musiu0

Ең көп оқылған