457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Барселона" қақпашысы Тер Штеген алдағы маусымды «Аякста» өткізеді

Соңғы екі маусымда тәжірибелі қақпашы түрлі жарақаттардың салдарынан бар болғаны 12 ойынға шыққан.

Германия ұлттық құрамасының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген «Барселонадан» Нидерландтың әйгілі «Аякс» клубына жалға берілді. Бұл туралы каталониялық клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

34 жастағы қақпашының амстердамдық клубпен жасалған келісімі 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін жарамды, деп жазады malimsports.kz

Биылғы жылдың қаңтар айында Тер Штеген де жалға беру шартымен Испанияның «Жирона» клубына ауысқан еді. Алайда жарақатына байланысты небәрі екі матчқа ғана қатыса алды.

Соңғы екі маусымда тәжірибелі қақпашы түрлі жарақаттардың салдарынан бар болғаны 12 ойынға шыққан.

Марк-Андре тер Штеген 2014 жылдан бері «Барселона» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол каталониялық клубтың жейдесімен 423 матч өткізіп, клуб тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшылар тізімінде 11-орынға көтерілді. Оның 176 матчта қақпасына гол жібермеген көрсеткіші бар.

«Барселона» құрамында Тер Штеген жеті рет Испания чемпионы, алты мәрте Испания кубогының, төрт рет Испания суперкубогының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар бір рет УЕФА Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және Клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.

Германия ұлттық құрамасы сапында қақпашы 2017 жылғы Конфедерациялар кубогының жеңімпазы және 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.

«Аякс» сапындағы жалға алу кезеңі Тер Штегеннің жарақаттан кейінгі бабын қалпына келтіріп, тұрақты ойын тәжірибесін жинауына мүмкіндік береді.

Фото: Getty Images