457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді

Жас қақпашы бұл жылдың өзі үшін ерекше өткенін айтқан. 

Қазақстан U-19 құрамасы мен "Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза өз танымалдығы, өткен маусым және келер жылға жоспары туралы ойымен бөлісті, деп жазады malimsports.kz.

Жас қақпашы бұл жылдың өзі үшін ерекше өткенін айтқан. 

"Керемет матчтар болды. Маған бәрі ұнады, бәрі түс секілді өтті. Келер жылы да талап төмендемейді, керісінше, одан да көп еңбектенеміз", - деді ол.

Танымалдылықтың күрт артуы туралы сұраққа Шерхан қалыпты жауап берді. Оның айтуынша, атақпен бірге сын да қатар келе жатқан көрінеді. 

"Хейтерлер әрдайым болады. Қалай тырыссаң да, бәріне ұнай алмайсың. Бұл бағытта да жұмыс істейміз, бірақ мен ондайға көп мән бермеуге тырысамын. Алдымда тұрған мақсат айқын, сол жолда жүрмін. Ондай сәттер менің ойыма әсер етпеуі керек", - деді "Қайрат" қақпашысы.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза Алматыдағы "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойында негізгі екі қақпашы жарақат алғаннан кейін алаңға шығып, көпшілік назарын өзіне аударған. Ойыннан кейін Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа 18 жастағы Шерханды өз жарияланымында атап өтіп, жас талантқа қолдау білдірді.

Фото: Ашық дереккөзден