Мәзір
Футбол

Балауса Мұздыман "Қайрат" пен "Реал Мадрид" кездесуіне болжам жасады

Сабина Асқарқызы 263 қаралым
Балауса Мұздыман "Қайрат" пен "Реал Мадрид" кездесуіне болжам жасады

Қазақстандағы ең сұлу боксшы Балауса Мұздыман 30 қыркүйекте Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынға болжам жасады, деп хабарлайды malimsports.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде Мұздыманның бейнежазбасы жарияланды. Онда боксшы «Қайрат» клубы «Реалды» 5:0 есебімен жеңеді деп сенімді түрде айтады.

«Қайрат» өз алаңында «Реалды» 5:0 есебімен жеңеді. Үлкен сенім мен қолдаудың арқасында «Қайрат» еш қиындықсыз жеңіске жетеді. Бұған мен кәміл сенемін, есте сақтаңыздар. Халық айтқандай: «Аргентина – Ямайка – 5:0», сол сияқты «Қайрат» та Алматыда «Реалды» 5:0 есебімен ұтады», - деді спортшы қыз Instagram парақшасында.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын 30 қыркүйек күні 21:45-те басталады. Матчтың билеті алдын-ала толық сатылып кетті.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар