457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бактиер Зайнутдинов ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

Ол бұлшықет жарақатын алғанын және ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

27 жастағы қазақстандық қорғаушы, Мәскеудің «Динамо» клубының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов қыркүйек айындағы Қазақстан құрамасының матчтарына шақырылмады. Ол бұл кезеңде клубында қалып, алған жарақатынан кейін қалпына келуді жалғастырады.

Мәскеулік «Динамо» Қазақстан футбол федерациясына ресми түрде хабарлап, ойыншының Ресей Премьер-лигасының бесінші турындағы ЦСКА-ға қарсы матчта (1:3) бұлшықет жарақатын алғанын және ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Егер оңалту шаралары жоспарға сай өтсе, Зайнутдинов «Спартакқа» қарсы өтетін дерби матчына үлгеруі мүмкін. Ол негізгі топтағы жаттығуларға келесі апта басында қайта оралуы ықтимал.

Айта кетейік, Бактиер Зайнутдинов биылғы жазғы трансферлік кезеңде «Динамоға» ауысқан болатын. Жаңа командасында әзірге 4 матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе қойған жоқ. Сонымен қатар, қорғаушы биылғы іріктеу ойындарына да қатыса алмай отыр.