Байсуфинов Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы жоспары туралы айтты
Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Бельгиямен өтетін матч алдында баспасөз мәслихатында команда тактикасы мен ойын жоспары туралы айтты, деп жазады malimsports.kz.
Кездесу сенбі күні «Астана Аренада» 19:00-де басталады. Бұл ойын Қазақстан үшін 2026 жылғы ӘЧ іріктеуіндегі соңғы матч болмақ. Құрама турнирден шығу мүмкіндігінен айырылған, ал Бельгия J тобында көш бастап тұр.
Байсуфинов қарсыластың күшін жақсы түсінетінін айта келе, команда қорғанысқа «қатып қалмайтынын» атап өтті.
«Біз ескі қағидалардан алыстап, өз бағытымызды таңдадық. Қарсыластың деңгейін, олардың мақсатын жақсы білеміз. Бірақ біз үшін де нәтиже маңызды – әрі жанкүйерлер үшін, әрі өзіміз үшін. Бәріміз жеңгіміз келеді. Жас ойыншыларымыз шабуылда ойнағанды ұнатады, сондықтан біз осы бағытты ұстанамыз. Егер тек қорғаныста отырсақ, нәтиже шығару қиын болады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол Бельгияның қалай ойнайтыны Қазақстан құрамасының өзіне байланысты екенін атап өтті.
«Соперник біз қаншалықты мүмкіндік берсек, соншалықты жақсы ойнайды. Осындай деңгейдегі қарсыластың бізге өз ойынымызды көрсетуге қаншалықты мүмкіндік беретінін көргіміз келеді», - деді бас бапкердің міндетін атқарушы.
Сары қағаздың көптігіне байланысты жартылай қорғаушы Исламбек Қуат ойыннан тыс қалмақ. Байсуфинов бұл құрам үшін үлкен жоғалту екенін атады.
«Оның орнына дайын нұсқа бар, өз жоспарымызбен жұмыс істейміз. Мұндай қарсыласқа қарсы ойында бейімделу қиын, бірақ біз әртүрлі сценарийге дайындалдық», - деді футбол маманы.
Фото: ҚФФ
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған