Азиз Анарметов «Тараз» жастар командасына бас бапкерлік қызметке тағайындалды
Былтырғы футбол маусымының тең жартысында бас бапкер міндетін атқарған Азиз Анарметов Екінші лигада бақ сынайтын «Тараз» жастар командасының бас бапкері лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы «Тараз» футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.
1982 жылы дүниеге келген Азиз Абдрашитұлы Тараз қаласының тумасы.
Футболшы ретінде кәсіби мансабында «Тараз», «Қайсар», «Оқжетпес», «Лашын», «Қызылжар» командаларында ойнаған.
Ал 2021 жылы «Тараз» жастар командасының бас бапкері болып қызмет жасады.
Сондай-ақ, негізі команда бас бапкерінің ассистенті ретінде бірнеше жыл еңбек етті.
2025 жылдың шілде айында негізгі команданың бас бапкері міндетін атқарып, чемпионатта 11 матч өткізіп, оның 7-де жеңіске жетті.
Фото: "Тараз" футбол клубы
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған