457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Аузына тиын салып ойнаған: Африкада футболшы матч кезінде көз жұмды

Бурунди чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсететін «Гепье-дю-Лак» клубының жартылай қорғаушысы Игиранезе Айме Герику матч кезінде кенеттен көгалға құлаған.

Қайғылы оқиға өткен сенбі күні Бурундиде өткен футбол матчында тіркелді — футболшы алаң үстінде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге себеп ауызындағы тиын болуы мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Sport News Africa басылымының жазуынша, Бурунди чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсететін «Гепье-дю-Лак» клубының жартылай қорғаушысы Игиранезе Айме Герику матч барысында кенеттен көгалға құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, футболшы ойын кезінде ауызындағы тиынды жұтып қойған. Басылым дерегінше, медициналық қызметкерлер дереу көмек көрсетуге тырысқанымен, спортшыны аман алып қалу мүмкін болмаған - ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

Дереккөздерге сүйенсек, футболшының ауызында тиын алып жүруі Бурундиде кең тараған белгілі бір ырымдармен, тіпті сиқыршылыққа қатысты сенімдермен байланысты болуы мүмкін.

Бурунди футбол федерациясы Игиранезе Айме Герикудің қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады, алайда онда өлімнің нақты себебі көрсетілмеген.

Фото: x.com/TotalFootbol