Мәзір
Футбол

Аустралия Түркияны жеңіп, әлем чемпионатын сенсациямен бастады

Сабина Асқарқызы 139 қаралым
Аустралия Түркияны жеңіп, әлем чемпионатын сенсациямен бастады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аустралия құрамасы күтпеген нәтиже көрсетіп, Түркияны жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.

D тобындағы кездесу Канаданың Ванкувер қаласындағы Би-Си Плэйс стадионында өтіп, аустралиялықтардың 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Ойынның 27-минутында Нестори Иранкунда мергендігімен көзге түсіп, Аустралияны алға шығарды. Голдық пасты Пол Окон-Энгстлер жасады.

Екінші таймда Түркия есепті теңестіруге тырысқанымен, матчтағы соңғы нүктені 75-минутта Коннор Меткалф қойды. Оның дәл соққысынан кейін есеп 2:0 болып, өзгеріссіз қалды.

Осылайша, Аустралия әлем чемпионатын сенсациялық жеңіспен бастаса, Түркия алғашқы турда ұпайсыз қалды.

Айта кетейік, осы топтағы тағы бір кездесуде АҚШ құрамасы Парагвайды 4:1 есебімен жеңген болатын. Бірінші турдан кейін АҚШ пен Аустралия үш ұпайдан жинап, D тобында көш бастады.

 

Фото: ©instagram.com/socceroos/

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар