«Атырауға» бразилиялық шабуылшы келді
Бразилиялық шабуылшы Энрике Девенс ресми түрде «Атырау» клубының ойыншысы атанды.
«Атыраудың» жаңа ойыншысы бұған дейін Қостанайдың «Тобыл» клубында өнер көрсеткен.
Өткен маусымның екінші жартысында Девенс «Тобыл» сапында сегіз матч өткізіп, екі гол соқты.
Айта кетейік, 2025 жылы бразилиялық футболшы Литваның «Жальгирис» командасында ойнаған. Сол кезде клубты қазіргі «Атырау» бас бапкері Владимир Чебурин жаттықтырған.
Әзірге «Атырау» клубы бразилиялық легионермен жасалған келісімшарттың нақты шарттарын жариялаған жоқ.
Қазіргі таңда «Атырау» командасы Қазақстан Премьер-лигасының үш турында үш ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. Команда барлық үш ойынды тең нәтижемен аяқтаған.
Фото: «Атырау» клубының баспасөз қызметі
Ең көп оқылған