457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Атырау» клубы нигериялық футболшыны 57 млн теңгеге сатып алды

26 жастағы футболшы жаңа командасында 4-нөмірлі жейдені киеді.

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Атырау» футбол клубы жаңа трансферін ресми түрде жариялады. Команда қатарына нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиу қосылды.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 жастағы футболшы жаңа командасында 4-нөмірлі жейдені киеді.

Марио Рабиу кәсіби мансабын Италияның «Модена» клубында бастаған. Ол 2019 жылдың 21 қазанында Италияның С сериясында «Ферманаға» қарсы матчта дебют жасаған.

2023 жылдың 3 қаңтарында жартылай қорғаушы италиялық «Витербезе» клубымен келісімшартқа қол қойды. Кейін ол мансабын Албанияда жалғастырып, «Скендербеу» клубының намысын қорғады. Нигериялық футболшы 2023 жылдың 26 тамызында Албания чемпионатында «Эгнатияға» қарсы кездесуде алғаш рет алаңға шыққан.

Марио Рабиу Қазақстан чемпионатында да ойнап үлгерген. 2025 жылдың 21 ақпанында ол «Ақтөбе» клубына ауысып, Қазақстан Премьер-лигасында команда сапында 5 матч өткізген.

Айта кетейік, Transfermarkt порталының мәліметінше, нигериялық футболшының нарықтағы трансферлік бағасы 100 мың еуро, яғни шамамен 57 миллион теңге.

Фото: «Ақтөбе» клубының баспасөз қызметі