«Атырау» ойыншылары сыйақыларынан ала алмай жүр
«Атырау» футбол клубының ойыншылары биылғы маусымда Премьер-лигада қалып қойғаны үшін уәде етілген сыйақыларын әлі күнге дейін ала алмай жүр.
ASnews.kz дерегінше, батыс қазақстандық ұжым ішінде наразылық күшейіп келеді.
Маусым бойы клуб басшылығы футболшыларды ынталандырудың басты тетігі ретінде премиалдық төлемдерді пайдаланған. Команда тапсырманы орындады – «Атырау» элитада сақталып қалды, турнир кестесінде соңғыдан бір орын жоғары тұрып, тікелей бәсекелесі «Тұранды» Бірінші лигаға жіберді. Алайда уәде етілген сыйақы әлі төленген жоқ.
Дереккөздің айтуынша, төлемдердің кешігуіне клубтағы кадрлық өзгерістер себеп. Жаңадан келген басшылық аудит жүргізіп жатқан болуы мүмкін немесе келесі жылға арналған бюджеттің бекітілуін күтіп отыр. Осы жағдай команда демалыс алдында белгісіздік жағдайында қалдырды.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, ойыншылар ақшаларын 2026 жылдың басында ғана алуы мүмкін. Себебі төлемдер Қазақстан футбол федерациясындағы лицензиялау талаптарына тікелей байланысты.
ҚФФ регламенті бойынша клубтың футболшылар алдында қарыздары болса, оған жаңа маусымда ҚПЛ-да ойнауға лицензия берілмейді. Сондықтан «Атырау» қарыздарынан лицензиялау басталар алдында – яғни келер жылдың басында – толық құтылуға мәжбүр.
Ең көп оқылған