«Атырау» Самат Смақовтың жетекшілігімен өткен алғашқы матчта «Ақтөбемен» тең түсті
Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы Батыс дербиі өтті. Чемпионаттың 10-туры бойынша кейінге қалдырылған кездесу «Түркістан Аренада» ұйымдастырылып, 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесудің бірінші голын алаң иелері соқты. Бұрыштамадан кейін Джордже Максимович қақпаға дәл соққы жасап, «Атырауды» алға шығарды.
Үзілістен кейін «Ақтөбе» шабуылға көбірек мән беріп, есеп айырмасын жойды. Игорь Черевченко шәкірттерінің кезекті шабуылы нәтижесінде Даниэль Соса гол соғып, таразы басын теңестірді.
Бұл матч «Атырау» командасын жаңа бас бапкер Самат Смақов бастап шыққан алғашқы ойын болды. Қостанайлық команда 20 ұпаймен турнир кестесінде 12-орында келеді. Ал «Ақтөбе» 32 ұпай жинап, чемпионаттағы 5-орнын сақтап қалды.
Қазақстан Премьер-лигасы. 21-тур
«Жетісу» – «Ордабасы» – 0:4
«Алтай» – «Қызылжар» – 2:2
«Каспий» – «Ұлытау» – 1:1
«Астана» – «Оқжетпес» – 2:1
«Елімай» – «Ертіс» – 3:1
Фото: "Атырау" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған