Мәзір
Футбол

«Атырау» шабуылшы Абылайхан Жұмабекті қатарына қосты

Сабина Асқарқызы 201 қаралым
«Атырау» шабуылшы Абылайхан Жұмабекті қатарына қосты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабек «Атырау» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол бұған дейін «Тараз», «Ақтөбе», «Жетісу», «Тұран» және «Ордабасы» командаларында ойнаған. Қазақстан Премьер-лигасында 109 матч өткізген.

2025 жылғы маусымды «Тұранда» бастап (1 гол, 2 ассист), кейін қаржылық мәселелерге байланысты «Ордабасыға» ауысқан. Алайда шымкенттік клубта жарты маусымда 399 минут қана алаңға шығып, 1 нәтижелі пас берген.

Қазақстан құрамасы сапында 2 матч өткізген.

 

 

Фото: "Ордабасы" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар