457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Атырау" клубының жаңа директоры тағайындалды

Қуандық Қалбайұлы еңбек жолын Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.

"Атырау" футбол клубына жаңа болып Қуандық Жақиялиев тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz

Қуандық Қалбайұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі еңбек жолын Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте мұғалім болып (2002-2012) бастаған. Кейін «Атырау» футбол клубында балалар-жасөспірімдер жаттықтырушысы ретінде қызмет атқарып, клубтың футбол орталығын басқарған (2013-2017). Содан соң төрт жыл Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Геолог және Ақсай ауылдық округтерінің әкімі лауазымында болып, артынша Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы және облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты мекеме басшысы қызметтерін атқарған.

Жаңа директорды командаға облыстың спорт басқарма басшысы Нұрбол Сыдықов таныстырған болатын. 

Енді Қуандық Қалбайұлына қызметі барысында “Атыраудың” бас менеджері Дидар Сыдықбек көмектеспек.