457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Атырау» клубы Владимир Чебуринмен қоштасты

«Атырау» футбол клубы бас бапкер Владимир Чебуриннің қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Клубтың Instagram-парақшасында жарияланған бейнежазбада қазақстандық маман команда ойыншыларымен қоштасып, бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ клуб әлеуметтік желіде оған арнап алғыс сөзін жариялады.

Владимир Чебурин «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен тараптардың өзара келісімі бойынша кетті. Ол команданы 2026 жылғы 6 наурыздан бастап жаттықтырып, осы уақыт аралығында 19 матчта бас бапкер болды. Клубымыз Владимир Николаевичке атқарған еңбегі, кәсібилігі және команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Бірге өткізген уақыт, жеңістер мен қиын сәттер клуб тарихының бір бөлігі болып қала береді. Алдағы бапкерлік жолына сәттілік, зор денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз! – делінген клубтың хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Владимир Чебуриннің орнына Самат Смақов келуі мүмкін екенін жазған болатын. Алайда клуб әзірге жаңа бас бапкердің тағайындалғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қазіргі уақытта «Атырау» Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде 19 ұпаймен 13-орында келеді.

 

Фото: "Атырау" ФК