«Атырау» футбол клубының бас бапкері лауазымына Самат Смаков тағайындалды
Қазақстандық маман Самат Смаков «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.
47 жастағы бапкермен жасалған келісімшарттың егжей-тегжейі ашық айтылған жоқ. Смаков бұл қызметте Владимир Чебуринді алмастырды.
«Барша жанкүйерлерге сәлем! "Атырау" сияқты өзіндік дәстүрі мен тарихы бар футбол клубына, оның ұжымы мен жанкүйерлеріне қосылғаныма өте қуаныштымын. Клуб басшылығының сенімін ақтап, алға қойған міндеттерді орындауға бар күшімді саламын», - деді Смақов.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған