457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Атырау" футбол клубы жекеменшік басқаруға берілді

Футбол клубының жаңа иесі – Болат Қонарбай.

 «Атырау» футбол клубының 100 пайыз үлесі «Caspian Football Group» ЖШС-не беріліп, толықтай жекеменшік басқаруға өтті, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақпараттың жазуынша, аталған ақпаратты Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы жариялаған. Бұл өзгеріс Мемлекет басшысының кәсіби спортты дамыту және футбол клубтарын жекеменшік секторға беру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асты.

Футбол клубының жаңа иесі – Болат Қонарбай. Жаңа басшылық өңірлік футболды дамытуға бағытталған бірқатар бастаманы жариялады. Жоспарларында балаларға арналған футбол академиясын салу, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту және Атыраудағы футболдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бар. Бұл талап әкімдік тарапынан қойылған еді.

Сондай-ақ клубқа қосымша инвестиция тарту арқылы материалдық-техникалық базаны күшейту және кәсіби футболды жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр.

Фото: Атырау облысы әкімдігі