«Атлетико» «Реалдың» Хулиан Альварес үшін €150 млн ұсынысынан бас тартты
Мадридтік «Атлетико» клубы «Реалдың» аргентиналық шабуылшы Хулиан Альварес үшін жасаған €150 млн көлеміндегі ұсынысын қабылдамады, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы корольдік клубтың ресми сайтында жария болды.
«Бүгін өткен директорлар кеңесінің отырысы қорытындысы бойынша мадридтік «Атлетикоға» Хулиан Альварес үшін €150 млн ұсыныс жасалды. «Атлетико» екі клуб арасындағы жақсы қарым-қатынасты ескере отырып, ұсынысқа алғыс білдірді және келісімшарттағы өтемақы сомасына сілтеме жасап, оны қабылдамады», – деп жазылған ақпаратта.
Футболшының келісімшартындағы өтемақы (buyout clause) сомасы €500 млн деп белгіленген.
Хулиан Альварес 2024 жылдың тамыз айынан бастап «Атлетико» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 106 матчта 49 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген.
Бұған дейін ол Англияның «Манчестер Сити» клубында ойнап, командамен бірге Англия чемпионы атанған, Кубок пен Суперкубокты, сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогын жеңіп алған.
Сонымен қатар 26 жастағы шабуылшы Аргентина ұлттық құрамасында 51 матч өткізіп, 14 гол соққан. Ол құрамамен бірге екі рет Америка кубогын және 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алған.
Фото: Getty Images
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған