457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Атлетико» қақпашысы Ян Облак серб теннисшісіне ұсыныс жасады

Еске салсақ, қос ғашық 2023 жылдан бері кездесіп жүр.

Мадридтік «Атлетиконың» словениялық қақпашысы Ян Облак сүйіктісі, сербиялық теннисші Ольга Даниловичке үйленуге ұсыныс жасады.

Әлемнің 32-ракеткасы саналатын Данилович әлеуметтік желідегі парақшасында Ян Облакпен түскен бірлескен суреттерін жариялап, «Ең бақытты жанмын» деген жазба қалдырды.

Еске салсақ, қос ғашық 2023 жылдан бері кездесіп жүр. Қазіргі таңда Облак 33 жаста болса, Данилович 25 жаста.

Айта кетейік, футболшы мен теннисшінің отбасы құруы спорт әлемінде сирек құбылыс емес. Бұған дейін неміс футболшысы Бастиан Швайнштайгер мен сербиялық теннисші Ана Иванович 2016-2025 жылдары некеде болған еді. Алайда өткен жылы Иванович ажырасуға өтініш берген.

Ян Облак «Атлетико» сапында 2014 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Оның клубпен жасасқан қазіргі келісімшарты 2028 жылдың маусым айына дейін жарамды. Тәжірибелі қақпашының трансферлік құны шамамен 15 миллион еуроға бағаланып отыр.

Фото: әлеуметтік желі