Атақты футболшы Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
2006 жылғы әлем чемпионы және «Алтын доп» иегері Фабио Каннаваро өз жаттықтырушылар штабымен бірге Ташкентке келді. Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығының (ӨФҚ) баспасөз қызметі хабарлады.
«Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер Фабио Каннаваро өз жаттықтырушылар құрамымен бірге Ташкентке келді», — делінген қауымдастықтың ресми мәлімдемесінде.
Бұған дейін БАҚ-та Каннавароның Өзбекстан құрамасын басқаруға ауызша келісім бергені жайлы хабарланған еді. ӨФҚ италиялық маманмен келіссөздердің жүргізіліп жатқанын растады.
Фабио Каннаваро 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасын бастап шығады. Өзбекстан тарихында алғаш рет бұл додаға жолдама алған болатын.
Фабио Каннаваро 1973 жылы 13 қыркүйекте дүниеге келген. Ол ойыншы кезінде әлем футболының аңызына айналды:
Италия құрамасымен 2006 жылы әлем чемпионы атанды;
Сол жылы әлемнің ең үздік ойыншысы ретінде «Алтын доп» жеңіп алды;
Клубтық деңгейде «Наполи», «Парма», «Интер», «Ювентус», «Реал Мадрид» және БАӘ-нің «Аль-Ахли» сапында ойнады;
Италия құрамасында 136 матч өткізіп, 2 гол соқты (1997–2010 жж.).
Бапкерлік мансабы
Футболшы мансабын аяқтаған соң, Каннаваро бірнеше клуб пен құраманы жаттықтырды:
БАӘ «Әл-Ахли» (көмекші бапкер);
Қытайдың «Гуанчжоу Эвергранд», «Тяньцзинь Цюаньцзянь», «Гуанчжоу» клубтары;
Қытай ұлттық құрамасы;
Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы;
Италияның «Беневенто» және «Удинезе» командалары;
Хорватияның «Динамо Загреб» клубы.
Каннаваро енді Өзбекстан құрамасының тарихындағы ең танымал және тәжірибелі шетелдік бапкер болмақ. Оның басты мақсаты — әлем чемпионатында ел намысын лайықты деңгейде қорғау.
Фото: Өзбекстан футбол федерациясы
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған