Асхат Тағыберген қызыл қағаз алған сәтін түсіндірді

«Тобылдың» капитаны Асхат Тағыберген Қазақстан премьер-лигасының 20-турының кейінге шегерілген матчында алған қызыл қағазының себебін түсіндірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Айта кетейік, «Тобыл» өз алаңында «Астанан» қабылдап, қарсыласқа есе жіберген. Ойын басында Қостанай клубы 2:1 есебімен алда тұрған. Тағыбергеннің қызыл қағазынан кейін екі гол жіберді. Футболшының қызыл қағазы ойын барысына тікелей әсер етті.
«Әрекетімде агрессия болған жоқ, бұл — спорттық ашу ғана. Өйткені бұл чемпиондыққа тікелей әсер ететін ойын еді. Бірақ қарсыласымды жарақаттау ниетім болмады. Соған қарамастан, командама кесірімді тигізгенімді түсінемін. Жігіттерден кешірім сұрадым, олар мені қолдады. Алда маңызды кездесулер бар, соңына дейін күресеміз!» – деді Тағыберген «Серый CARDINAL»-ға берген сұхбатында.
Маңызды кездесулерді өткізіп алады
Бұл қызыл қағаздың кесірінен 35 жастағы жартылай қорғаушы 24 қыркүйекте өтетін, кейінге қалдырылған 9-турдағы «Ордабасыға» қарсы матчқа қатыспайды.
Айта кетейік, ол –Тағыбергеннің бұрынғы командасы.
Маусымдағы көрсеткіші
Биылғы маусымда Асхат Тағыберген «Тобылдың» сапында барлық турнирлерде 23 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ үш рет сары қағаз алып, бір рет алаңнан қуылды.
Одан бөлек, кеше ол костанайлық клубтағы 100-ші ойынын өткізді.
Фото: "Тобыл" ФК


Ең көп оқылған
