457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асхат Тағыберген бастаған «Тобыл» маңызды жеңіске жетті

Қостанайдың «Тобыл» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 13-турында өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдап, маңызды жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесудің алғашқы бөлігінде есеп ашылған жоқ. Алаң иелері шабуылда белсенді болғанымен, «Қызылжардың» қақпашысы Дмитрий Челядник бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып, есептің өзгеруіне жол бермеді.

Алайда екінші таймда ойын тағдыры қысқа уақыт ішінде шешілді. Жарақат алған Дмитрий Челядниктің орнына Вадим Петров шыққаннан кейін «Тобыл» үш минут ішінде екі гол соқты.

Алдымен 54-минутта Асхат Тағыбергеннің пасынан кейін Урош Милованович есеп ашты. Ал 57-минутта Папе Альюнның нәтижелі пасын Александр Зуев голға айналдырып, алаң иелерінің басымдығын арттырды.

Матч соңына дейін есеп өзгеріссіз қалып, қостанайлық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы нәтижеден кейін «Тобыл» турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып, қауіпті аймақтан шықты. Ал «Қызылжар» өз орнын сақтап қалды.

 

Фото: "Қызылжар" ФК