457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаев тамызда АҚШ пен Түркияда екі турнирге қатысады

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев тамыз айының соңында бірден екі күрес турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алдымен отандасымыз 22 тамызда АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласында өтетін Real American Freestyle (RAF) турниріне қатысады. Rocket Arena кешенінде ұйымдастырылатын жарыста Алмабаев жергілікті балуан Джонни Диджулиуспен кездеседі.

Араға сегіз күн салып, қазақстандық спортшы Түркияда ACBJJ лигасының турнирінде дебют жасайды. 30 тамызда Ыстанбұлдағы Ora Arena спорт кешенінде өтетін жекпе-жекте оның қарсыласы тәжік текті ресейлік балуан Халим Назруллоев болады.

Назруллоев кәсіби ММА-дағы алғашқы жекпе-жегін 2019 жылы өткізіп, содан бері жеңіліс көрмеген. Оның қазіргі рекорды – 13 жекпе-жек, 13 жеңіс.

Асу Алмабаев бұл турнирлерге қатысумен қатар, UFC-дегі мансабын да жалғастырып келеді. Қазақстандық файтер ұйымның жеңіл салмақтағы рейтингінде 5-орында орналасқан.

 

Фото: instagram.com/ufc

Ең көп оқылған