Мәзір
Футбол

«Астананың» сұрмергені жаңа клубқа ауысты

Сабина Асқарқызы 69 қаралым
«Астананың» сұрмергені жаңа клубқа ауысты

«Астана» футбол клубының шабуылшысы Джеффри Чинеду мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырады. 28 жастағы нигериялық футболшы «Крылья Советов» клубының ойыншысы атанды.

Клубтың Instagram-парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, Чинедумен жасалған келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін есептелген.

Джеффри Чинеду елордалық клуб сапында 2024 жылдың шілде айынан бері өнер көрсетті. Осы аралықта ол 54 матчқа қатысып, 27 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Өткен маусымда шабуылшы 12 голмен «Астананың» үздік бомбардирлері қатарында топ-5 қатарына енді.

2024 жылы футболшы командасымен бірге Қазақстан Кубогын жеңіп алуға айтарлықтай үлес қосты.

Бұған дейін Чинеду Қытай, Сербия, Финляндия, Эстония, Украина, Румыния, Солтүстік Македония, Албания, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Кипр чемпионаттарында ойнаған. Атап айтқанда, ол Финляндияның «Лахти», Солтүстік Македонияның «Работнички», Эстонияның «Нарва», Украинаның «Олимпик», Сербияның «Раднички», Қытайдың «Ляонин Тиерен» және Албанияның «Беса» клубтарының намысын қорғаған.

Айта кетейік, қазіргі таңда «Крылья Советов» командасын Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырады.

Ал Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 900 мың еуро деп бағалап отыр.

Фото: «Астана» клубының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар