Астанада Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталды

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкер Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен алдағы Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға дайындықты бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әзірге команда толық құрамда жинала қойған жоқ. Негізгі құрам 6 қазанда бас қосады, сондықтан алғашқы күндері жаттығу процесіне жастар құрамасынан бірқатар ойыншылар уақытша тартылды. Футболшылардың нақты тізімі 5–6 қазан күндері белгілі болады.
Еске сала кетейік, 10 қазанда Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Лихтенштейнді қабылдайды. Ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
Фото: ҚФФ


Ең көп оқылған
