457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада 9 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған

Қазақстан футбол федерациясы 10 тамызда Астанадағы футбол алаңында болған, салдарынан бала зардап шеккен оқиғаға алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу кезінде футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

ҚФФ балаға және оның отбасына қолдау білдіреді.

Оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген.

Қазіргі уақытта ҚФФ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Федерация құзырлы органдарға оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

 

Фото: ҚФФ