457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Астана» төрт гол соғып, маусымды ірі жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) бірінші турының соңғы матчында елорданың «Астанасы» Талдықорғанның «Жетісу» клубын қабылдап, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесу «Астананың» белсенді шабуылдарымен басталды. 14-минутта Станислав Басманов дәл соққымен есеп ашты. 15 минуттан кейін қорғаушы Карло Бартолец елордалық команданың басымдығын еселесе, 39-минутта Мақсат Абраев есепті 3:0-ге жеткізді.

Үзілістен кейін де «Астана» қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 57-минутта команда капитаны Марин Томасов мергендік танытып, есепті 4:0-ге дейін ұлғайтты. Қонақтар сапынан тек 81-минутта Марко Живанович жұбаныш голын соғып, кездесу 4:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, алғашқы тур қорытындысы бойынша «Астана» алғашқы үш ұпайын еншілеп, «Ақтөбемен» бірге турнир кестесінің көшін бастады.

 

 

Фото: "Астана" ФК