«Астана» Конференция лигасын жеңіспен бастады
Елордалық «Астана» UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Албанияның «Динамо Сити» клубын сырт алаңда 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесудің алғашқы таймында екі команда да жылдам гол соғуға ұмтылғанымен, қорғаныс шебі сенімді ойнап, есеп ашылған жоқ.
Үзілістен кейін «Астана» шабуылын үдетіп, ойын тізгінін өз қолына алды. Матчтың 69-минутында Марин Томасовтың нәтижелі пасынан кейін Рамазан Кәрімов дәл соққы жасап, кездесудегі жалғыз голдың авторы атанды.
Осылайша, қазақстандық клуб сырт алаңда маңызды жеңіске жетіп, қарымта матч алдында басымдыққа ие болды.
Командалар арасындағы жауапты кездесу 16 шілдеде Астанада өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде семейлік «Елімай» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» клубымен 1:1 есебімен тең түскен болатын. Ал Қостанайдың «Тобылы» жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастап, Литваның «Паневежис» командасымен кездеседі.
Фото: "Астана" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған