Мәзір
Футбол

«Астана» клубының көшбасшы футболшыларының бірі командадан кетті

Сабина Асқарқызы 78 қаралым
«Астана»  клубының көшбасшы футболшыларының бірі командадан кетті

«Астана» футбол клубының гвинейлік шабуылшысы Усман Камараның келісімшарты мерзімінен бұрын бұзылды. Ол карьерасын басқа елде жалғастырады.

26 жастағы вингердің клубтан кетуіне жалақының уақытылы төленбеуі себеп болған. Ақпаратқа сәйкес, «Астана» футболшыларына қыркүйек айынан бері еңбекақы төленбеген, сондай-ақ клуб инвестор табуда қиындықтарға тап болып отыр. Осыған байланысты Камара мансабын шетелде жалғастыруды көздеп отыр.

Усман Камара Қазақстанда «Астана» сапында 71 матч өткізіп, 17 гол соқты. Сондай-ақ 18 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін гвинейлік футболшы Швецияның «Эскильстун», Норвегияның «Волеренга», Грузияның «Дила» және «Динамо Тбилиси» командаларында ойнаған.

Transfermarkt порталының дерегінше, Усман Камараның нарықтық құны шамамен 1 миллион еуро деп бағаланады.

Айта кетейік, бұл жағдай «Астана» клубындағы қаржылық қиындықтар мен құрамдағы өзгерістерге байланысты соңғы уақытта жиі талқыланып жатқан мәселелердің бірі болып отыр.

ФОТО: transfermarkt

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар