Мәзір
Футбол

«Астана» клубы Айдын Рахымбаевтың меншігіне өтуі мүмкін

Сабина Асқарқызы 149 қаралым
«Астана» клубы Айдын Рахымбаевтың меншігіне өтуі мүмкін

BI Group компаниясының басшысы, белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев елордалық «Астана» футбол клубын жеке меншігіне алуы ықтимал. Бұл туралы Goalkz хабарлады.

Бұған дейін БАҚ-та BI Group «Астана» футбол клубы үшін жаңа академия мен жаттығу базасын салатыны жөнінде ақпарат тараған еді. Жаңа нысандар заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, жас футболшыларға кәсіби дайындыққа барлық жағдай жасалады.

Соңғы жылдары Президент тапсырмасымен Қазақстанда бірнеше футбол клубы жекешелендіру процесінен өтті. Сарапшылардың пікірінше, «Астана» клубы да алдағы уақытта осы тізімге қосылуы мүмкін.

Айдын Рахымбаев - Қазақстанның ең ықпалды және табысты бизнесмендерінің бірі.
Forbes Kazakhstan дерегі бойынша, ол елдегі ең бай 10 адамның қатарына кіреді. Оның байлығы 967 миллион доллар деп бағаланған.

Кей дерек көздері кәсіпкер клубтың жаңа базасын салумен қатар, команданы толықтай өз басқаруына алуға ниетті екенін айтады. Бұл елордалық клуб үшін жаңа даму кезеңі басталуы мүмкін деген болжам бар.

Егер ақпарат расталса, «Астана» Қазақстандағы жекеменшік негізде жұмыс істейтін клубтардың қатарына қосылады. Бұл өз кезегінде футбол академиясының дамуына және ел футболының жалпы деңгейінің көтерілуіне серпін беруі ықтимал.

Фото: BI Group

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар