«Астана» футбол клубының үздік сұрмергені Ресей чемпионатына ауысты
Елордалық клубтың албаниялық жартылай қорғаушысы Назми Грипши мансабын Ресейдің Қазан қаласының «Рубин» клубының жалғастырады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді. 28 жастағы футболшы клубпен 2029 жылғы жазға дейін келісімшартқа қол қойып, 11-нөмірмен өнер көрсетеді.
Назми бұған дейін Албанияның Теута, Скендербеу, Косовоның Балкани, сондай-ақ Астана клубтарында ойнаған.
«Астана» сапында ол 2024 жылы «Балкани» клубынан ауысып келген еді. Қазақстан Премьер-лигасында 38 матч өткізіп, 22 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
2024 жылғы маусымда: 16 гол, 7 ассист – чемпионаттың үздік сұрмергені
2025 жылғы маусымда: 36 матч, 18 гол, 9 нәтижелі пас (оның ішінде Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде 6 ойында 2+2)
Фото: "Астана" ФК
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған