457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Астана» футбол клубына жаңа инвестор тапты

Министрдің хабарлауынша, «Астана» футбол клубы келесі маусымға инвесторларды тапқан.

 Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов астаналық клуб жанкүйерлеріне қуанышты жаңалық жеткізді.

Министрдің хабарлауынша, «Астана» футбол клубы келесі маусымға инвесторларды тапқан.

Біз белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, инвестор бар. Қазіргі сәтте барлық рәсімдер аяқталмағандықтан толық мәлімет айта алмаймын, бірақ инвестор бар, — деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов депутат Нартай Сарсенғалиевтің сауалына жауап ретінде Президенттің тапсырмасымен Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан футбол федерациясы республикалық және өңірлік деңгейде «футбол клубтарын коммерцияландыру бойынша әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатқанын» хабарлаған.

Фото: facebook.com/FCAstanaOfficial