«Астана» футбол клубына жаңа инвестор келуі мүмкін
«Астана» футбол клубы жақын уақытта инвестор тарту бағытында маңызды қадам жасауы мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz.
Инсайдер Эльдар Аманбаевтің мәліметінше, алдағы уақытта елордалық клубта халықаралық аудит саласындағы «Үлкен төрттікке» кіретін компаниялардың бірі жұмысын бастайды.
Ақпаратқа сәйкес, тәуелсіз аудиттің жүргізілуі клубқа бизнес өкілдері тарапынан әлеуетті инвестордың нақты қызығушылық танытып отырғанын көрсетуі мүмкін.
Жарияланған мәліметте инвестиция салу туралы шешім қабылдар алдында клубтың қаржылық-экономикалық жағдайына, материалдық-техникалық базасына және қызметінің басқа да бағыттарына жан-жақты талдау жүргізілетіні айтылған.
Сондай-ақ бұл үдеріс Қазақстандағы жетекші футбол клубтарының бірін жекешелендіру және жеке капитал тарту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болуы ықтимал екені атап өтілді.
Айта кетейік, әзірге бұл ақпаратқа қатысты клуб тарапынан ресми мәлімдеме жарияланған жоқ.
Фото: "Астана" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған