Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
Францияның ПСЖ клубы мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африкада 2025 жылдың футболшысы атанды. Бұл туралы Африка фубол конфедерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
27 жастағы марокколық дауыс беруде ағылшынның «Ливерпуль» және Мысыр құрамасының шабуылшысы Мохамед Салах пен түріктің «Галатасарай» клубы мен Нигерия құрамасының шабуылшысы Виктор Осимхенді басып озды.
Хакими ПСЖ сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол париждіктер сапында Франция чемпионаты мен Чемпиондар лигасында топ жарды.
Биылғы маусымда қорғаушы клубта 14 ойын өткізіп, екі гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған