457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асқар Қожабергенов «Хан-Тәңірі» клубына қызметке барды

Екінші лиганың чемпионы атанып, клуб тарихындағы маңызды жетістіктердің біріне қол жеткізген болатын.

Алматының «Хан-Тәңірі» клубы футбол орталығының жаңа жетекшісін таныстырды. Бұл қызметке тәжірибелі маман Асқар Сейдахметұлы Қожабергенов тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Былтырғы жылы Қожабергенов «Хан-Тәңірі» командасында бапкерлік қызмет атқарған еді. Енді ол мансабын басқарушылық салада жалғастырып, клуб академиясының дамуына жауап береді.

Асқар Қожабергеновтің еңбек жолы қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бас бапкер ретінде бірнеше клубты жаттықтырған:

«Тобыл» (Қостанай)

«Ертіс» (Павлодар)

«Жетісу» (Талдықорған)

«Атырау»

«Мақтаарал»

2022 жылы Қожабергенов «Хан-Тәңірімен» бірге Екінші лиганың чемпионы атанып, клуб тарихындағы маңызды жетістіктердің біріне қол жеткізген болатын.

Фото: «Хан-Тәңірі»