Мәзір
Футбол

«Арсенал» – «Қайрат» ойынына билеттер сатылымға шығарылды

Сабина Асқарқызы 198 қаралым
«Арсенал» – «Қайрат» ойынына билеттер сатылымға шығарылды

2026 жылғы 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Арсенал» мен «Қайрат» командалары кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч Emirates Stadium стадионында жергілікті уақытпен 20:00-де, ал Алматы уақытымен 01:00-де басталады.

Қонақ секторына арналған билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатылып жатыр. Айта кетейік, сатып алынған билеттер қайтарылмайды.

Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер алматылық клубты Англия Премьер-лигасының көшбасшыларына қарсы өтетін тарихи кездесуде тікелей стадионнан қолдай алады.

Сонымен қатар, Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші тур аясында Бельгияның «Брюгге» командасымен кездеседі. Бұл ойын 20 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.

Бұған дейін аталған кездесудің билеттері сатылымға шыққаны хабарланған болатын. Билеттердің бағасы орын санатына байланысты 15, 25 және 35 мың теңге болып белгіленген.

 

 

Фото: t.me/fc_kaira

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар