457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты

2026 жылдың 29 қаңтарында Лондонда өтетін «Арсенал» – «Қайрат» матчына билеттердің бағасы белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz лондондық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің сегізінші туры аясында «Эмирейтс» стадионында өтеді.

Клуб мәліметінше, билет бағасы 44,8 бен 84 фунт стерлингтің аралығында (шамамен 30–50 мың теңге) белгіленген. 

Қазіргі уақытта «Арсенал» Чемпиондар лигасының турнир кестесінде көшбасшылар қатарында, 12 ұпай жинаған. Ал «Қайрат» бір ғана ұпаймен 34-орында тұр. 

Фото: Ашық дереккөзден