457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Арсенал» – «Қайрат» матчына төрешілер тағайындалды

Кездесу 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні, сағат 01:00-де Англия астанасы Лондон қаласындағы Эмирейтс стадионында өтеді.

UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі сегізінші тур аясында өтетін қазақстандық Қайрат (Алматы) пен Англияның Арсенал (Лондон) командалары арасындағы кездесуде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.

Аталған матчқа швейцариялық төреші Урс Шнидер бастаған төрешілер бригадасы тағайындалды. Оған отандастары Марко Цюрхер мен Беньямин Цюрхер көмек көрсетсе, төртінші төреші міндетін де Швейцария өкілі Свен Вольфенсбергер атқарады.

Кездесу 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні, сағат 01:00-де Англия астанасы Лондон қаласындағы Эмирейтс стадионында өтеді. Ойын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл матчта алматылық клуб сапында Дастан Сәтпаев, Азамат Тұяқбаев және Олжас Байбек сынды бірқатар футболшылар алаңға шыға алмайды.

Айта кетейік, негізгі кезең барысында «Қайрат» Португалияның «Спортингінен» (1:4), Испанияның «Реал Мадридінен» (0:5), Италияның «Интерінен» (1:2), Грекияның «Олимпиакосынан» (0:1), Данияның «Копенгагенінен» (2:3), Бельгияның «Брюггесінен» (1:4) жеңіліп, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түскен.

Ал турнир кестесінде «Арсенал» жеті турда бірде-бір ұпай жоғалтпай, 21 ұпаймен көш бастап тұр. Лондондық клуб жарыс барысында «Атлетик Бильбао» (2:0), «Олимпиакос» (2:0), «Атлетико Мадрид» (4:0), «Славия» (3:0), «Бавария» (3:1), «Брюгге» (3:0) және «Интер» (3:1) командаларын жеңген.