«Арсенал» мен «Манчестер Сити» арасындағы тартысты матч тең нәтижемен аяқталды
Англия Премьер-лигасының бесінші турында лондондық «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Ситимен» кездесіп, ойын драмалық жағдайда тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Матч «Эмирейтс» стадионында өтіп, қонақтар алғашқы минуттардан-ақ басымдық көрсетті. 9-минутта Эрлинг Холланд қарсылас қорғаушыларын қапыда қалдырып, әріптесімен әдемі комбинация жасап, Давид Райя қақпасының алыс бұрышына дәл соққы бағыттап, есеп ашты.
Ұзақ уақыт бойы «Сити» жеңісті уыстап тұрғандай көрінді. Дегенмен, матчтың соңғы сәтінде Габриэл Мартинелли қосымша уақытта (90+3 мин.) таразы басын теңестіріп, «зеңбірекшілерді» жеңілістен құтқарды.
Ойыннан кейін командалардың АПЛ кестесіндегі орны мынадай:
2-орын: «Арсенал» - 10 ұпай
9-орын: «Манчестер Сити» - 7 ұпай
Айта кетейік, дәл осы «Арсенал» енді қазақстандық «Қайратпен» Лондондағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі шешуші ойында кездеседі. Матч 29 қаңтарда өтеді.
Фото: Getty Images
Темірлан Анарбеков футбол рейтингінде бірінші сатыға тұрақтады
Ең көп оқылған