457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Арсенал маңызды жеңісті уысынан шығарып алды

61-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Уго Буэно есеп айырмасын қысқартты.

Лондондық Арсенал 31-тур аясында сырт алаңда Вулверхэмптон Уондерерс командасымен 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Вулверхэмптонда өткен кездесуде «Арсенал» 2:0 есебімен алға шыққан еді. Қонақтар сапынан Букайо Сака (5-минут) мен Пьерро Инкапье (57-минут) гол соқты.

61-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Уго Буэно есеп айырмасын қысқартты. Ал екінші таймға қосылған төртінші минутта Риккардо Калафьоридің өз қақпасына соққан добы матчтың тең аяқталуына себеп болды.

Осы нәтижеден кейін «Арсенал» 58 ұпай жинап, турнирлік кестедегі көшбасшылығын сақтап қалды. Ал «Вулверхэмптон» 10 ұпаймен 20-орында, яғни соңғы сатыда тұр.

Келесі турда «Арсенал» 22 ақпанда сырт алаңда Тоттенхэм Хотспур клубымен кездеседі. Сол күні «Вулверхэмптон» қонақта Кристал Пэлас командасына қарсы ойнайды.

Англия чемпионаты, 2025/26 маусымы. 31-тур

«Вулверхэмптон» — «Арсенал» — 2:2 (0:1)

Голдар: Буэно, 61; Калафьори, 90 — Сака, 5; Инкапье, 57.