Аргентина Орталық банкі 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған күміс естелік теңгені таныстырды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Теңгенің артқы жағында 1986 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатында Англия қақпасына гол соққан Диего Марадонаның әйгілі шабуылының бағыты бейнеленген. Келесі жылы бұл оқиғаға тура 40 жыл толады.
Ал теңгенің алдыңғы бетінде теңгені қақ жарып өтетін доп бейнеленген. Теңге 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 27 грамм, диаметрі – 40 миллиметр. Ішкі нарыққа барлығы 2,5 мың дана шығарылған, әрқайсысының номиналдық құны – 10 доллар. Сондай-ақ халықаралық айналым үшін дәл осы дизайндағы алтын нұсқасы да шығарылады.

Фото: bcra.gob.ar
Айта кетейік, Диего Марадона (1960–2020) – әлем футболының тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі. Ол өзінің керемет техникасы мен дриблингі арқылы ерекшеленген. 1986 жылғы әлем чемпионатында турнирдің басты қаһарманы атанып, Аргентина құрамасының жеңісіне зор үлес қосты.
Айта кетсек, Аргентина қазіргі әлем чемпионы саналады. Олар 2022 жылы Қатарда өткен турнирде жеңіске жеткен. 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.
Фото: sportsheroes.ru