«Ақтөбенің» жаңа ойыншысы Наниге қатысты пікір білдірді
«Ақтөбе» клубының жаңа ойыншысы Айдын Желькович португалиялық футболшы Луиш Нанидің командаға келуіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әрине, бұл - керемет жаңалық. Бұл өте үлкен оқиға. Біз оның қандай керемет мансап жолынан өткенін жақсы білеміз. Нани командамызға көп пайдасын тигізеді деп үміттенеміз. Бұл тақырыпты команда ішінде көп талқылаған жоқпыз, бірақ Луиштің сапалы әрі тәжірибелі ойыншы екені анық. Барлығымыз оның келуіне қуаныштымыз. Бұл - менің мансабымдағы ең мықты әрі ең жұлдызды әріптес, - деді Желькович.
Сондай-ақ легионер жаңа серіктесіне бейімделуге көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Әрине, көмектесуге дайынмын. Нани ағылшын тілінде сөйлейді, мен де сол тілде сөйлеймін. Командада шет тілдерін білетін басқа да жігіттер бар. Құдай қаласа, оның тез бейімделуіне көмектесеміз, - деп түйіндеді футболшы.
Еске сала кетейік, жуырда «Ақтөбе» швециялық шабуылшы Айдын Жельковичпен келісімшартқа қол қойды. 28 жастағы футболшы өткен маусымда Швецияның жоғарғы лигасында «Вернаму» клубының сапында 27 матч өткізіп, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Оның трансферлік құны 600 мың еуроға бағаланады.
Сонымен қатар «қызыл-ақтар» биылғы маусымаралық кезеңде үлкен трансфер жасап, «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жұлдызы Луиш Наниді өз құрамына қосты.
Фото: Ашық дереккөзден
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған