Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Соңғы турда «Ақтөбе» командасы елордадан келген «Астана» командасын ірі есеппен жеңіп, алғаш рет ел чемпионы атанды.
Бұл матч 6:0 есебімен аяқталды. Екінші орын еліміздің бірнеше дүркін чемпионы «БИІК-Шымкент» қыздарына бұйырды. Үздік үштікте Түркістанның «Томирис-Тұран» командасы бар.
«Ақтөбенің» қырғызстандық шабуылшысы Алина Литвиненко 72 голмен үздік сұрмерген атанды. «БИІК-Шымкент» командасының 40 жастағы ойыншысы Гүлнара Габелия 70 голмен екінші орында қалды.
Фото: «Ақтөбенің» баспасөз қызметі