457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбеге Англия жастар құрамасы келеді

Англия жастар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанға қарсы ойынға дайындығын аяқтап, матчқа шақырылған ойыншылардың ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы Англия Футбол қауымдастығының ресми сайты хабарлады. Арасында «Боруссия Дортмунд» командасында ойнайтын Джоб Беллингем де бар.

Ойын 8 қыркүйек күні Ақтөбеде, жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.

Қақпашылар: Джеймс Бидл («Бирмингем Сити»), Томми Симкин («Лейтон Ориент»), Мэттью Янг («Солфорд Сити»).

Қорғаушылар: Джош Ачемпонг («Челси»), Макс Аллейн («Уотфорд»), Келлен Фишер («Норвич Сити»), Брук Нортон-Каффи («Дженоа»), Рико Льюис («Манчестер Сити»), Бен Нельсон («Лестер Сити»), Эшли Филлипс («Сток Сити»), Тьерри Смолл («Престон Норт Энд»).

Жартылай қорғаушылар: Джоб Беллингем («Боруссия Дортмунд»), Арчи Грэй («Тоттенхэм Хотспур»), Джек Хиншелвуд («Брайтон энд Хоув Альбион»), Льюис Майли («Ньюкасл Юнайтед»), Нико О’Рейли («Манчестер Сити»).

Шабуылшылар: Тайлер Диблинг («Эвертон»), Ромен Эссе («Кристал Пэлас»), Уилл Ланкшир («Оксфорд Юнайтед»), Дивин Мубама («Сток Сити»), Итан Нванери («Арсенал»), Тайрик Джордж («Челси»), Джейми Гиттенс («Челси»).

 Фото: Tullio Puglia - UEFA/UEFA via Getty Images