457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбеде 9 футболшы 110 миллион теңгеге ставка жасаған – Бас прокуратура

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов депутат Абзал Құспанның сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Қазақстанда келісілген футбол матчтары мен футболшылар тарапынан жасалған көпмиллиондық ставкалар анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов депутат Абзал Құспанның сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп бірқатар клубтарға тексеріс жүргізген. Нәтижесінде заңбұзушылықтар, соның ішінде букмекерлік кеңселерде ставка жасау және келісілген ойындар тіркелген. Еңбек шарттарында мұндай әрекеттерге тыйым салынғанына қарамастан, футболшылар мен бапкерлердің бәс тігуді жалғастырғаны белгілі болды. Мәселен, Ақтөбеде тоғыз футболшы жалпы көлемі 110 миллион теңге болатын ставка жасаған. Осыған байланысты 2025 жылғы 2 сәуірде Федерация атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жолданды.

Берік Асыловтың айтуынша, ұсыныс нәтижесінде Федерация қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тәртіпті күшейту мақсатында «Жол картасын» әзірледі. Құжатта аудит, қаржы және этика комитеттерін құру, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған 33 іс-шара қарастырылған.

Сонымен қатар, тексеріс қорытындысы бойынша бірқатар кадрлық шешімдер қабылданған. 2025 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Федерация әкімшілігінің басшысы, басқарушы директор, заң, операциялық және маркетинг департаменттерінің директорлары, сондай-ақ қауіпсіздік және интегрити қызметінің басшыларымен еңбек шарттары бұзылды. Кейбір басшы қызметкерлер төменгі лауазымдарға ауыстырылған.

Қазіргі уақытта Федерация футболды дамытудың жаңа мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес заңбұзушылықтарды жою, қаржылық тәртіпті күшейту және ұйымдық құрылымды оңтайландыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Фото: "Ақтөбе" ФК