457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ақтөбе» жаңа маусымдағы алғашқы матчты жеңіспен бастады 

Кездесу Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтті.

«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының бірінші туры аясында Қостанайдың «Тобыл» командасын жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz

Кездесу Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтті. Бұл матчта номиналды алаң иесі ретінде ақтөбелік клуб тіркелді. Ойын 4:1 есебімен ақтөбеліктердің ірі жеңісімен аяқталды.

Матчтағы алғашқы голды 24-минутта «Ақтөбенің» ганалық-нигериялық шабуылшысы Даниэль Соса соқты. Үзіліске дейін қостанайлықтар алаңда бір ойыншыға кем қалды. «Тобылдың» беларусь жартылай қорғаушысы Максим Мякиш тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Екінші таймда ақтөбелік футболшылар тағы үш рет мергендік танытты. Гол авторлары – швед-босниялық шабуылшы Айдин Зелькович, қазақстандық қорғаушы Тимур Досмағамбетов және украиналық қорғаушы Иван Ордец.

71-минутта «Ақтөбе» сапында жұлдызды португалиялық шабуылшы Луиш Нани дебют жасады. Бұрын «Манчестер Юнайтед» клубында ойнаған тәжірибелі футболшы Ордецтің голына нәтижелі пас берді.

Қостанайлық клуб сапындағы жалғыз голды қазақстандық шабуылшы Жаслан Жұмашев соқты.

Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» үш ұпай жинап, бірінші тур қорытындысы бойынша «Қайратпен» бірге КПЛ турнирлік кестесінің көшбасшылары қатарына көтерілді. Ал «Тобыл» маусым басталар алдында Алматы клубын жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленген болатын.

Фото: