457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Ақтөбе" жаңа бас бапкер тағайындалғаннан кейін "Ұлытаумен" кездесуде тең түсті

Матч Металлург стадионы алаңында өтіп, тартысты жағдайда аяқталды.

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясында өткен кездесуде «Ақтөбе» жезқазғандық «Ұлытаумен» 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды malimsports.kz

Матч Металлург стадионы алаңында өтіп, тартысты жағдайда аяқталды. Есепті екінші таймның 71-минутында «Ұлытаудың» грузиялық жартылай қорғаушысы Бека Вачиберадзе ашты.

Алайда ақтөбелік ұжым он минуттан кейін таразы басын теңестірді. Нигериялық шабуылшы Даниэль Созах есепті 1:1-ге жеткізді.

Бұл тең нәтиже «Ұлытауға» бес ұпай жинауға мүмкіндік беріп, команда турнирлік кестеде сегізінші орынға көтерілді.

Ал «Ақтөбе» төрт ұпаймен 11-орында тұр. Айта кетейік, бұл матчта ақтөбелік клубты жаңа бас бапкер — Қырғызстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, словакиялық Штефан Таркович бастап шықты.

Фото: "Ақтөбе" ФК