Ақтөбе тарихында алғаш рет әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының матчы өтеді
Бүгін Ақтөбе қаласы өз тарихында алғаш рет әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының ресми матчын қабылдайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Еуропаның ең беделді клубтық турнирінің бірінші іріктеу кезеңінде жергілікті «Ақтөбе» футбол клубы Исландияның «Брейдаблик» командасымен кездеседі.
Матч Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионда сағат 19:00-де басталады. Бұл – қала тарихындағы ғана емес, қазақстандық әйелдер футболы үшін де маңызды оқиға. Халықаралық додада ел намысын қорғайтын «Ақтөбе» командасы өз алаңында жанкүйерлерінің қолдауына сүйеніп, келесі кезеңге жолдама алуға талпынады.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы – Еуропадағы ең беделді клубтық турнир саналады. Сондықтан Ақтөбеде өтетін бұл кездесу өңір спорты үшін айтулы оқиға болмақ.
Футбол федерациясы бұл ретте жанкүйерлерді стадионға келіп, ел намысын қорғайтын жерлестерімізге қолдау көрсетуге шақырып отыр.
Фото: ҚФФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған